03
февраль
2024
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ
«Ақсуат негізгі орта мектебі»КММ-де бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Берекелі Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті.Мақсаты: оқушылардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп, күз мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Іс-шараны 3- сынып мұғалімі Жумагулова Гулмира апай жүргізіп, күз дегеніміз-байлық, молшылық жәнеде күз мезгілінің ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіріп өтті. Әр сынып оқушылары күзге арналған тақпақтар, ән айтып, би билеп мерекені жалғастырды. «Алтын күз» ханшайымы қонаққа келіп, оқушылармен ойындар ойнап, білімдерінде сынады. «Сыйқырлы жапырақ» ойынын ойнап себетті жеміс-жидектерге толтырды. Бұл ойыннан балалардың шапшаңдығын да байқадық.Оқушылар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кеш жақсы өтті. Іс-шараның соңында жеміс-жидектерден салынған көрмені тамашалады. Осындай думанды мерекені қорытындылап мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы М.А.Егимбаев құттықтау сөзін айтып, осы мерекеге ат салысқан бастауыш сынып мұғалімдеріне, оқушыларға зор алғысын білдірді.Осылайша кеш жоғары деңгейде өткізіліп, осындай кештер мектебімізде әрі қарайда жалғасын таппақ.